Павлодар облысында көлік басқара алмаған әйел адам жол апатынан қайтыс болды
Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел оқиғаға орнында бақиға аттанды, деп хабарлайды Arbat.media.
Қайғылы оқиға кеше 17:30-да Астана-Шідерті автожолының 252 шақырымында тіркелді. Mercedes автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі рөлді ие бола алмай, аударылып қалған. Жол апатының салдарынна ол оқиға орнында қаза тапты.
Сондай-ақ, екі кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жеткізілгені айтылды. Ал полиция жол апатын тудырған көлікті айып тұрағына қойып, аталған ісс бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Поделиться
Читать Arbat media в