Пәтерде қайтыс болған екібастұздық зейнеткердің қан қысымы жоғары болған
Екібастұзда қала тұрғыны өз пәтерінде оқыстан қайтыс болды. Зейнеткердің өліміне қаладағы жылу жүйесінің тоқтап қалуының себебі болмаған, деп хабарлайды arbat.media..
Қараша айының соңында Екібастұздағы жылу энергия станциясында болған төтенше жағдайдан кейін қаладағы жағдай енді тұрақтанып келе жатыр. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі көпқабатты тұрғынүйдің біріндегі пәтерде қайтыс болған ер адамның үсіп қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Алдын ала белгілі болғандай, үйлердің бірінде зейнеткердің қайтыс болған. Алайда оның ажалына күн райы себеп болмаған көрінеді.
Полицияның дерегі бойынша зейнеткер бұрын қан қысымымен дәрігер көмегіне жиі жүгінген. 4 желтоқсан күні кешкілік жедел жәрдемге қаладағы пәтерлердің бірінде ер адамның есінен танып қалғаны туралы ақпарат түсті. Алайда дәрігерлер зейнеткердің пәтеріне жедел жеткенімен, 70 жастағы зейнеткер қайтыс болған.
Кейін марқұмның туыстары полиция шақырған. Марқұм зейнеткер өмірден өтке сәтте оның қасында жұбайы болыпты. Полиция тарапы оның денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоғын айтып отыр.
Қараша айының соңында Екібастұз қаласындағы жылу энергия станциясында апат болып, қала жылу жүйесінен ажырап қалған еді. Төтенше жағдайдан кейін жедел штаб құрылып, мәселені жеделдетіп шешу қолға алынған. Қазір қаладағы көпқабатты үйдердің басым бөлігіне жылу берілгені айтылды. Бірақ тұрғындардан түскен шағым әлі де толастамаған.
Айта кетерлігі, Екібастұздағы жағдайдан кейін Павлодар облысының әкімі ауысты. Бұған дейін өңірді басқарған Әбілқайыр Сқақов қызметінен кетіп, оның орнына әкімнің міндетін уақытша атқарушы болып Олег Круг бекітілді.