Өзінің сіңлісін жезөкшелікке мәжбүрлеген
Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері өзінің 1998 жылы туған сіңлісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Өзбекстан тумасын анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
2021 жылдың мамыр айында күдікті жәбірленушіні Ташкент қаласынан Шымкент қаласына, содан кейін Атырау қаласына алып келіп, азық-түлік дүкенінде сатушы болуды ұсынған. Бірақ келгеннен кейін құжаттарын алып, ұрып-соғып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Поделиться
Читать Arbat media в