Новости Казахстана23 июня 2023, 20:40

Өзенмұнайгаздағы тексерістен кейін екі лауазымды басшы тергеуге алынды

"Өзенмұнайгаз" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеру нәтижелері бойынша басшылықтағы екі адамның жалған жұмыспен айналысқаны анықталған, деп хабарлайды Arbat.media.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның жұмыс тобы ӨМГ аутстаффингінің жекелеген қызметкерлерін жалған жұмысқа орналастыру деректерін анықтағанын мәлімдеді.  Осыдан кейін компанияға 47 млн теңге көлеімінде шығын келгені белгілі болды.  

Жеті дерек құқық қорғау органдарына жауап беру үшін берілген. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 361 – бабының 4-бөлігі бойынша лауазымды тұлғаларға - ӨМГ Бас директорының орынбасары мен бөлім бастығына қатысты басталды. Олар лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдікке ілініп отыр. Біз бұл деректі растаймыз. Қазір бұл іс құқық қорғау органдарының қарауында", - деді ҚМГ экономикалық және ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы Әділ Атабаев. 

Қазіргі уақытта компанияның бас директорының орынбасары 2 ай мерзімге қамауға алынса, тағы бір күдікті үйқамаққа отырғаны айтылды. 

Өзенмұнайгаз ҚМГ Тексеру

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!