Новости Казахстана13 июня 2023, 21:44

Өзбекстан мен Әзербайжан Абай облысындағы өртті сөндіруге ниетті - СІМ

Абай облысындағы өртті ауыздықтауға қатысты Өзбекстан мен Әзербайжан республикалары көмек көрсетуге дайын, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған қатысты еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді. Айбек Смадияров ресми түрде ұсыныс түспесе де Түркия мен Өзбекстан басшылары телефон арқылы сөйлесу кезінде қол ұшын созуға дайын екендіктерін атаған көрінеді.

Президент пен біздің министр Түркия және Өзбекстандағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті. Егер апат көлемі үлкен болса және мемлекет оның салдарымен күресуге дайын болмаса, онда басқа елдерден көмек сұрауға тура келеді. Әзірге мұндай көмек сұраған жоқпыз, - деді Смадияров.

Абай облысында орман алқабында пайда болған өрттің аумағын кеңейіп, бүгінде 60 мың гектарды құрады. Осыдан кейін өңірде төтенше жағдай жарияланды. Мемлекте басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей өңіріне арнайы сапармен барып, апа аймағын аралап көрді. 

Апат кезінде тиісті шараларды дер кезінде қолданбаған төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қызметінен босатылды. Сондай-ақ, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа сөгіс жарияланды. 

Ал өрт кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкері қайтыс болса, бүгін орман арасында жоғалып кеткен тракторшының мәйіті табылды. 

 

Әзербайжан Өзбекстан Өрт

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!