Новости Казахстана30 сентября 2023, 9:00

Өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Жетісу облысы Кербұлақ ауданының 63 жастағы тұрғынын полицейлер өз ұлын өлтірді деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жетісу облысы полиция департаменті:

Кербұлақ ауданында тіркелді, 28 қыркүйек күні шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылды. Тәртіп сақшылары оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.

Ұсталған азамат жәбірленушінің туған әкесі болып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жетісу облысы Кербұлақ Адам өлімі Қылмыс

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!