Новости Казахстана10 июля 2023, 16:08

"Өз қазағыммен жауласқым келмейді". Мақпал Жүнісова "Жаңа Қазақстан" туралы ойын білдірді

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова концерт кезінде "Жаңа Қазақстан" туралы ойын білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Өнер иесі кезекті концертінде ән арасында елге деген пікірін білдіріп, "Жаңа Қазақстан" туралы ойын жеткізді.

Шынымды айтсам күліп ойнап, бақытты әйелдің рөлін ойнап дегендей сіздерді мұнайтқым келмейді. Көңілді жүрейік. Бәрі артта қалсын. Жақсылық көп болсын. Бәрі "Жаңа Қазақстан" деп жатыр ғой. Біздің ел - бір ғана Қазақстан, бір-ақ Отанымыз бар. Басқа қазақ деген ұлт жоқ. Сондықтан ескі-жаңа деп бөлудің қажеті жоқ деп ойлаймын. 30 жыл жаман болған жоқпыз. Елімізде басқа мемлекеттердегідей соғыс болған жоқ. Жақсы нәрселер де болды. Бәрін жамандамайық. Жастар тарихты ақтарып алады. Бір-бірімізге кешіріммен қарайық. Жауласқанмен не істейміз? Өз қазағыммен жауласқым келмейді. Аз ғана қазақпыз, сондықтан көбейе берейік, - деді Мақпал Жүнісова. 

Әншінің бұл пікіріне оқырмандарының барлығы оң пікір білдірген. "Сөзінің астары тереңде жатыр", "Дұрыс айтасыз. 30 жылда еліміз аман", "Мақпал дана болмаса Зәкең құлай сүйер ме еді" деген сынайда желі қолданушылары жазбаларын қалдырған. 

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!