"Отыз жыл ұйықтағанымыз жетер". Ақжүрек Таңатаров Тоқаевқа Жамбыл әкімінің шектен шыққанын жеткізді
Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров президент Қ.Тоқаевқа үндеу жолдап, көмек сұрады, деп хабарлайды Arbat.media.
Жамбыл облыстық олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі директоры лауазымын атқарған Ақжүрек Таңатаров таяуда еш себепсіз қызметтен шеттетілгенін мәлімдеді. Мұның себебін, өңірдегі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметовтен сұраған. Алайда Ташметов пәрменнің облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтен келгендіктен, ештеңе істей алмайтынын айтқа.
Екі ортажа жұмыссыз қалған Ақжүрек Таңатаров президент Қасым Тоқаевтан көмек сұрай отырып, Жамбыл обылсындағы былыққа батқан спорт саласындағы жемқорлыққа назар аударуды сұрады.
"Менің олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп интернаты колледжінің директоры лауазымынан еш себепсіз босатты. Облыстық спорт басқармасының басшысы Арман Ташметовтен оның бәрі әкім Нұржан Нұржігітовтің бұйрығы мен шешімі екенін атады. Біз қазір тоқсаныншы жылдарға қайта оралғандаймыз. Мен спорт жаңашыры және осы саланы жетік меңгерген азамат ретінде сізден Жамбыл облыстық әкімшілігі мен спорт басқармасында болып жатқан заңсыздықтарды тоқтату үші республика деңгейіндегі барлық құқық қорғау органдарынан, оған қоса парламент депутаттарымен бірлесе отырып, комиссия құрып толыққанды тексеріс тағайындауды сұраймын. Бұл әрекетім арқылы маған қызмет алып беріңіз демеймін. Тек өсіп келе жатқан ұл-қыздарымыз әлемдік аренада жоғары нәтижеге қол жеткізсе екен деймін. Сол себепті, облыстағы жемқорлық әрекеттерді тоқтатып, лауазымдарға білікті тәжірибелі және жаңашыр, облыста беделі бар азаматтарды тағайындауды сұраймын. Отыз жыл бойы ұйықтағанымыз жетер", - деді Ақжүрек Таңатаров.