Новости Казахстана13 февраля 2023, 15:10

Өткен жылы еліміз бойынша 18 мың отбасы ажырасқан

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айы аралығында еліміз бойынша 128,5 мың неке қиылса, оның ішінде 17,7 мың отбасы қайтадан ажырасқан, деп хабарлайды Arbat.media 

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2021 жылмен алыстырғанда заңды некеге тұрғандар саны 8,4 пайызға азайған көрінеді. 

2022 жылы Қазақстанда 128,5 мың неке тіркелді. Неке коэффициенті 1000 адамға 6,46 құрады. Сондай-ақ соттың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағандағы АХАТ органдарының деректері бойынша 17,7 мың жұп ажырасқаны белглібі болды, -деп жазылған хабарламада.

Айта кетерлігі, бұл көрсеткіш 2021 жылғы нәтижемен салыстырғанда 8,1 пайызға төмен екені байқалды. Арғы жылы ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 0,89 құраған еді.

Отбасы Неке Ажырасу Заң

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!