Өскеменде трамвай рельстен шығып кетті
Бүгін Өскеменде трамвай рельстен шығып кетіп, қалада теміржол көлігі тоқтап қалды, деп хабарлайды Arbat.media Noks.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 3 ақпанда таңертең механикалық ақаулыққа байланысты орын алған. "Көлік Компаниясы" ЖШС директоры Михаил Чайканың сөзінше, қаладағы трамвай қозғалысы жақын аралықта қалпына келтіріліп, жұмысын қайта бастамақ.
Бүгінде елімізде бойынша Қазақстанда Өскемен, Павлодар, Теміртау қалаларында ғана трамвай қозғалысы сақталған.
Алматыда бұл экологиялық таза көлік түрі 2015 жылы толығымен жұмысын тоқтатты. Сонымен бірге, Қарағандыдағы трамвай көліктері 2000 жылдың басында қолданыстан алынған.
Поделиться
Читать Arbat media в