Новости Казахстана29 мая 2023, 14:27

Өскеменде полицейлер есірткі ораушы-курьерді ұстады

Өскеменде ЕҚІБ жедел уәкілдері  тыйым салынған заттарды байланыссыз тәсілмен таратқан 26 жастағы елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Arbat.media.

Күдікті "тауарды" әлеуметтік желідегі мессенджерлердің бірінде интернет-дүкен арқылы сатқан.

Ер адамның аймақтық курьер және есірткі қоймасының ораушысы қызметін атқарғаны анықталды. Күдікті аса ірі көлемдегі есірткі заттарын алып, оларды орап, жасырын жерлерге қойып отырған.

Оны тексеру барысында жалдамалы пәтерінен 500 грамнан асатын психотроптық зат тәркіленді.

Қазіргі уақытта ұсталған күдіктіге қатысты ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3,5-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өскемен Есірткі полиция

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!