Новости Казахстана13 июня 2023, 15:05

Өрт аумағындағы тұрғындары көшірілген ауылдарды сарбаздар күзетеді

Абай облысында өрт маңындағы тұрғындары көшірілген ауылдарда ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 100-ге жуық сарбазы күзетеді, деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының шешімімен Абай облысындағы өрт салдарынан халық эвакуацияланған Половинка, Каштак, Талица және Тепкаши ауылдарына Семейдегі 5511 әскери бөлімнің 100-ге жуық сарбазы мен 8 техникасы келді. 

Әскерилер ауылдарда мородерлікке жол бермеу үшін қоғамдық тәртіпті күзетіп, ауылда қалып қойған тұрғындарды эвакуациялап, зардап шеккендерге көмек көрсететін болады. Аталған орындарда жауынгерлік қызмет Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Рүстем Ақбалиннің жеке қадағалауымен ұйымдастырылған. Қазіргі таңда Абай облысындағы орманның ауқымды жерін жалмаған өрт әлі толық сөндірілмей, маңайда орналасқан ауылдарға қауіп төндіруде», - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.

 

Күзет Абай облысы Өрт

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!