Оралдың әкімдігі бір орындықты 333 мыңға сатып алды
Орал қаласының әкімдігі мемлекеттік сатып алу конкурсын айналып өтіп бір орындықты 333 мың теңгеге, 5 орындықты 15 млн теңгеге сатып алған. Бұл әрекетке қала жұртшылығы наразы, себебі сапа мен баға сәйкес келмейді, деп хабарлайды Arbat.media.
Қоғам белсенділері қала әкіміне талап-арыз жолдады.
Отырғыштарды берген компания бұл жобаның авторлық құқығына ие. Қаланың сәулеттік келбеті үшін осындай орындықтарды қоямыз деп шешіп, қысқа мерзімде қаланың орталық аллеяларына орнатып берді,- дейді Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Азамат Халелов.
Белсенділер жаңа орындықтардың ыңғайсыз әрі тұрақсыз екенін алға тартады. Ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде орындықтарды тезірек сатып алу керектігін түсіндіреді. Ал өнім патенттелген болғандықтан тендерсіз сатып алған. Ал бұл ретте мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу талап етілмейді, деп түсіндірді шенеуніктер.