Новости Казахстана14 июня 2023, 8:30

Оралда өртенген автобусқа қатысты дерек белгілі болды

Оралда қала ішінде өртеніп кеткен автобусқа қатысты деректер белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кеше сағат 12:40 шамасында Орал қаласындағы Егізбаев – Бельгер көшелерінің қиылысында №26 ЖОББМ "Балауса" балалар лагерінен Cinema Park кинотеатрына 60 баланы тасымалдаған ПАЗ жеке автобусы өртеніп кеткен болатын. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. 

Автобустың 1986 жылы туған жүргізушісі көлік құралын техникалық тексеруден өтпей, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырған, міндетті сақтандыру полисі болмаған көрінеді.

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 593-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК 590-бабы 9-бабы, 230-бабы 2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Еңбек кодексінің 64-бабы 1-тармағының 3-тармақшасын бұзғаны үшін "Балауса" мектеп жанындағы балалар лагерінің қатысушыларын кинотеатрға баруын жүзеге асыру кезінде жауапкершілік танытпай, 13 маусым күнгі №52 бұйрығымен №26 мектеп директоры “Балауса” лагерінің жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды, - деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта. 

Балаларды тасымалдау кезінде полиция қызметкерлерінің жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алып жүру мақсатында мектеп тарапынан БҚО ПБ-ге ешқандай сұраныс болмаған. 

БҚО автобус Өрт

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!