Оралда даладан табылған сәбидің кімнің қамқорлығына өтетіні белгілі болды
Оралда қоқыс жәшігінен табылған баланы әжесі қамқорлыққа алатын болды, деп хабарлайды Arbat.media.
"Уральская неделя" басылымының жазуынша, қалалық аурухана дәрігерлері қазір баланың жағдайы қалыпты екенін мәлімдеген.
"Әжесі қамқоршылық құжаттарын рәсімдеп жатыр. Ол - ұл бала. Баланың жағдайы тұрақты", - деді қалалық балалар ауруханасы өкілі.
Бұған дейін қоқыс жәшігінен жалаңаш жатқан нәресте табылғаны айтылған болатын. Кейінірек сәбиін тастаған әйелді полиция қызметкерлері анықтап, оған қатысты іс қозғады.
Поделиться
Читать Arbat media в