Орал қаласында Сомалидан келген асаба ұсталды
Ақтөбеден Орал қаласына барар жолда, Сырым ауданында 25 жастағы шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ол Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінің студенті көрінеді.
Сомалилік жігіт елімізде 2019 жылдан бері тұрады. Алматы қаласындағы ЖОО-да бағдарламашы мамандығында білім алып, осы уақыт ішінде ол тілді жақсы меңгеріп, салтанатты іс-шараларға қатысып, ақша тауып жүрген.
Оның визасының уақыты біткен, соның негізінде ҚР Көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді. Ендігі шетелдік азамат депортациялануы мүмкін.
Поделиться
Читать Arbat media в