Новости Казахстана29 августа 2023, 11:46

Оқу-ағарту министрі жекеменшік мектептегі хиджабқа қатысты ойын ашық айтты

Әлеуметтік желі қолданушысының баласын жекеменшік мектеп хиджабпен қабылдағаны туралы жазбасына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өз пікірін айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

«Бізде бәрі заң бойынша регламенттеледі. Сондықтан ол жекеменшік бола ма, мемлекеттік мектеп бола ма, бәрі сол заңға бағынып, соның шеңберінде орындалуы тиіс. Сіз қалай ойлайсыз, көпшілік болып қаболдаған заңды орындауға міндеттісіз бе?», - деп жауап берді министр.

БАҚ өкілдері жекеменшік мектептердің оқушыны хиджабпен қабылдауға рұқсаты бар-жоқтығын нақтылап сұрады.

«Барлық мектеп белгіленген заң шеңберінде, белгіленген тәртіппен  ұйымдастырылуы керек. Мониторинг деген бар. Әр өңірде білім сапасын қамтитын департаменттер бар, ол өңірлердегі сапасын қадағалап отырады. Бізге солардан дабыл түсіп жатса, олар қарастырып, шешім шығарады», - деді министр.

 

Ғани Бейсембаев Хиджаб жекеменшік мектеп әлеуметтік желі

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!