Оқу-ағарту министрі: Қазақстандағы мектептерде соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады
Бүгін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қол қойған бұйрыққа сәйкес еліміздегі барлық мектептерінде оқу жылы 31 мамырда аяқталады, соңғы қоңырау 1 маусым күні соғылады, ал емтихандар 2 маусымнан басталады, деп хабарлайды Arbat.media.
Министр қол қойған құжатқа сай 9 (10) сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығына жоспарланса, 11 (12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары 5-19 маусым аралығында өткізіледі.
10 сыныптар үшін емтихан кестесі:
- жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2 маусым;
- математика бойынша жазбаша емтихан – 6 маусым;
- өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 9 маусым;
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан – 13 маусымға жоспарланған.
11 сыныптар үшін емтихан кестесі:
- оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан – 5 маусым;
- алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 8 маусым;
- Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;
- өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан – 19 маусымда өткізіледі.
Поделиться
Читать Arbat media в