Новости Казахстана11 апреля 2023, 19:20

Оңтүстік өңірлерге 1500 тоннадан астам дизель жіберілді

Жоспарлы жөндеуді аяқтаған Шымкент мұнай өңдеу зауыты ішкі нарыққа 1500 тоннадан астам дизель отынын жөнелтті. Оның басым бөлігі оңтүстік өңірлерге жіберілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Жоспарға сәйкес, ПҚОП сәуір айында 366 мың тонна мұнай өңдеуі керек. 110,1 мың тонна көлемінде бензин, 114,8 мың тонна дизель отыны, 15,1 мың тонна сұйытылған мұнай газы, 19,3 мың тонна авиаотын, 77,6 мың тонна мазут өндіру жоспарланған. Мұнай өнімдерінің негізгі бөлігі оңтүстік өңірлердегі тұтынушыларға бағытталатын болады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сәуір айында Шымкент зауытынан 34,8 мың тонна дизель отынын жөнелтуге басымдық беріледі.

Қазір «ПҚОП» ЖШС тәулігіне 17,7 мың тонна мұнай өңдеп жатыр. Өткен демалыс күндері «ПҚОП» ЖШС қазіргі қорынан шамамен 1500 тонна дизель отынын жөнелтті. 10 сәуірде өндіру мен паспорттау деңгейіне қарай 1600 тоннадан астам дизель отыны мен 220 тонна сұйытылған газды жөнелтуге дайындалып жатыр. Алдағы бірнеше күнде мұнай өнімдерін жөнелту деңгейі тәулігіне бензин – 6200 тоннаға, дизель отыны – 5600 тоннаға, авиаотын – 1150 тоннаға және сұйытылған газ – 820 тоннаға дейін ұлғайтылады, - деді «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС техникалық директоры БАХИТ ЕРЕГЕНОВ.

дизель Шымкент оңтүстік тонна

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!