Новости Казахстана13 июля 2023, 18:28

Омбудсмен Шүменовті қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ІІМ-не шағым түсірді

Балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиева Астанада қоғамдық орындардың бірінде балалы адаммен төбелескен кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Белгілі омбудсмен ішкі істер министрлігіне боксшының әрекеті бойынша өтініш түсіргенін атады. Д.Закиеваның сөзіне қарағанда Бейбіт Шүменовті Қылмыстық кодекстің тағы бір бабы бойынша жауапқа тарту керек көрінеді. Себебі ол төбелескен уақытта жәбірленушінің қолында бала болғанына қарамастан бірнеше рет ұрған.
Министрлікке жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенін ескеру қажеттілігін жеткіздім. Баланың қауіпсіздігіне қауіп төнгенін әлеуметтік желіде жарияланған видео растайды. Сол себепті бұл жағдайда тұлғаны жауапкершілікке "Қорқыту" атты Қылмыстық кодекстің 115-бабы бойынша тарту қажет", - деп жазба жариялады Закиева әлеуметтік желід. 
Закиеваның айтуынша, қазіргі заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туғызу үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Осыған байланысты мәжіліс депутаты тиісті ұсыныстарды енгіземін деп алда біраз мәселе көтеретінін атап отыр. 
 
Бейбіт Шүменов Төбелес

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!