Назарбаев университетінің президенті қызметінен кетеді
Назарбаев Университеті президент Шигео Катсудың 2023 жылдың 15 маусымынан бастап қызметінен кететінін жариялады, деп хабарлайды Arbat.media.
Университеттің хабарлауынша, Катсу бұл қызметті 13 жылға жуық атқарып, өз лауазымынан кету туралы шешім қабылдап отыр. .
Президент Катсудың басшылығымын Назарбаев Университеті аймақтағы жетекші жоғары оқу орны ретінде белгілі нәтижелерге қол жеткізді. Биылғы күзде Назарбаев Университет тұңғыш рет Times Higher Education университеттердің әлемдік рейтингіне кіреді. Назарбаев Университетінің қауымдастығы Президент Катсуға оның үлкен үлесі мен тұрақты әсері үшін алғысын білдіреді, - деп жазылған ЖОО-ның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Жауапты лауазымнан босатылғаннан кейін Шигео Катсу Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып қала береді. Сондай-ақ, ол Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және Жоғары қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде қызметін жалғастырмақ.