Назарбаев Астанадағы ауруханалардың біріне жатқызылды
Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевты ауруханаға жатқызғаны туралы ақпарат пайда болды. Экс-президенттің жүрегі ауырғандықтан Астанадағы медициналық орталықтың біріне жеткізілгені айтылды, деп хабарлайды Arbat.media.
"Нұр Отан" партиясының бұрынғы баспасөз хатшысы және продюсер Александр Аксютиц экс-президентті ауруханаға жатқызу туралы мәлімдеді.
Бұған дейін "Қаңтар оқиғаласы: Ақорда үшін күрес" кітабында автор Жақсыбек Құлекеев қаңтар оқиғасы кезінде Назарбаевтың инфарк алғанын және соған байланысты оның туыстары төңкеріс жасау туралы шешімге келгенін жазған болатын. Мұндай қадам сол кездері жасырын арналар арқылы ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке хабарланған.
Поделиться
Читать Arbat media в