Новости Казахстана12 июля 2023, 22:19

Мұрат Бектановқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляция алқасы бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа шыққан үкімді қайта қарап, өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Arbat.media.

Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды және заңды күшіне енді. Сотталған Мұрат Бектанов жазасын Абай облысының Семей қаласындағы ең жоғары қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді, - делінген мамандандырылған ауданаралық әскери сотының ҚазАқпарат жолдаған сауалға берген жауабында.

Өткен жылы ақпан айының соңында бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Кейін сот үкімімен ол 10 жылға сотталды. 

Мұрат Бектанов Үкім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!