Мишель Еркін алматылықтарды қала күнімен құттықтады
АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Мишель Еркін Алматы тұрғындары мен қонақтарын қала күнімен ерекше құттықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының Instagram парақшасында Мишель Еркіннің видеосы пайда болды.
Ол араға 20 жыл салып, Орталық мәдениет және демалыс саябағының кіреберісіндегі тарихи гүлзардың фонында суретке түскен.
«Алматы күні құтты болсын! Бұл - менің Алматыда 20 жыл бұрын түскен суретім. Қай жерде түскенімді кім табады? Happy Almaty Day! This is me in Almaty 20 years ago. Can you guess where this picture was taken?», - делінген жазбада.
Поделиться
Читать Arbat media в