Мейрамханаға тойға келген 20 қонақ уланып қалды
Жетісу облысы Қабанбай ауылында мейрамханаға той тойлауға қонаққа барған 20 адам уланып қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Алакөл ауданы санитария-эпидемиологины бақылау басқармасына аудандағы ауруханадан хабарлаған, - дейді Жетісу облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті.
Ауруханаға түскен 20 адамға алдын ала иинфекция шығу тегі өзге және анықталмаған гастроэнтерит және колит диагнозы қойылған.
Алакөл орталық аудандық ауруханасына түскен нақастарға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оның11-і жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, қалған 9-ы ауруханаға жатудан бас тартты. Науқастардың жағдайы бірқалыпты.
Кәсіпкерлік кодекске сәйкес эпидемиологиялық тергеу басталп, эпидемиология анамнезіне сәйкес, бұл жағдай Қабанбай ауылының «Шағала» мейрамханасында өткен үйлену тойында ішкен тамақпен байланысты екені анықталды. Облыстық және аудандық мүдделі органдарға хат жолданды»,- деп атап өтті Жетісу облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті.