Новости Казахстана29 мая 2023, 14:51

"Мейрамбекке қарғыс тиді". Алтынбек Қоразбаев шәкіртінің ауруының себебін атады

Белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев шәкірті Мейрамбек Беспаевқа қатысты ел естімеген деректі айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Ұстазының сөзінше, белгілі эстрада әншісі осыдан 15 жыл бұрын қатты сырқаттанған кезінде дәрігерлер оның нақты диагнозын қоя алмаған. "Хабар" арнасындағы "Алғашқы" хабарында әншінің ұстазы оған елдің тіл-көзінен бөлек, қыздар қауымының наласы өтті деп болжам білдірді. 

Мейрамбектің артынан шырылдап жүгірген қыздар өте көп болды. Кім Мейрамбекке ғашық болмады? Осыдан он бес жыл бұрын ол қатты ауырды. Сол кезде 80 келі болған Мейрамбек бірнден 20-25 келіге дейін салмақ тастады. Елдің бәрі түрлі аурумен ауырды деп жатыр деді. Зоб дегендер де болды. Жасыратын ештеңесі жоқ. Мархабаттың құлағына алтын сырға, Мейрамбекке қыздардың қарғысы тиген. Не көз тиді, не қарғыс өтті, - деді Алтынбек Қоразбаев.

Бұдан бөлек, әншінің алғаш алған көлігі туралы да айтылды. Мейрамбек Беспаев осыдан 22 жыл бұрын "Мазда 626" көлігін тізгіндеп, оны кейін 3,5 мың АҚШ долларына сатқан. Кейін ол көлікті тағы бір жігіт сатып алған. Сәттілік әкеледі деп ырымдаған көлікті алған кейін министрліктің бірінде вице-министр қызметіне дейін өскені айтылды. 

Мейрамбек Беспаев Алтынбек Қоразбаев Ауру

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!