Новости Казахстана29 мая 2023, 18:25

Маңғыстауда мұғалімдерге заңсыз аударылған 30 миллион теңгені әшкереленді

Маңғыстау облысында "Әділдік жолы" РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов Мұнайлы ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектептегі заңсыздықты анықтады, деп хабарлады Arbat.media.
 
Ол антикормен бірге басталған Білім саласындағы жемқорлықты жою жұмысы жалғасып жатқанын атады. Сондай-ақ, тексеру барысында 30 миллион теңгеден астам қаражаттың заңсыз төленгені белгілі болды. 
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектебі таңқалдыруды біледі екен. Егер Заң бойынша 1 педагогтің 1 жұмыс аптасында (алмастыру жүктемесімен бірге) 24/32 сағат қарастырылса, Еңбек кодексінде жалпы жұмыс аптасы 40 сағаттан аспау керек деп белгіленген, ал бұл еңбексүйгіш мамандардың аптадағы қызмет уақыты - 77 сағатты құрайды. Осылайша, бір айда 307 сағат шығады екен. Не деген еңбекқорлық! Тіпті ұйықтауға да уақыт қалмағаны ғой, - деп жазды Дидар Смағұлов. 
Ол осы тәсілмен 2019 жылы 6.2 миллион теңге, 2020  жылы 7 млн. теңге, 2022 жылы 17.1 млн теңгенің артық аударылғанын атады. Осылайша бір мектепте  30 000 000 теңгеден астам қаражат заңсыз төленген. 
 
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Білім беру

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!