Новости Казахстана21 апреля 2023, 20:15

Маңғыстауда заңсыз ауланған 200 келіге жуық бекіре табылды

Маңғыстау полицейлері 200 келіге жуық бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды Arbat.media.

“Бекіре” арнайы шарасы аясында полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау ауылында орналасқан “Kazpost” ғимаратынан 25 дана заңсыз ауланған 165 келіден асатын бекіре тұқымдас балықты анықтап, тәркіледі. Сонымен қатар Ақтау тұрғынының автокөлігінің жүк салғышынан 30,5 келі бекіре балығы табылды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 42 және 25 жастағы күдіктілердің жеке бастары анықталып, ұсталды. Тәркіленген балық "Kazakh Ossetr" ЖШС мекемесіне тапсырылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша СДТБТ-де тіркелді, деді ІІМ баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Орал қаласының тұрғынынан 28 келі қара уылдырық пен 157 келі бекіре тәркіленген болатын. Сондай-ақ, сәуір айының басында Маңғыстау облысы тұрғынының үйінен 50 келіге жуық бекіре балығы табылды. Ал наурыз айының соңында Атырау облысында жергілікті тұрғынды тексеру кезінде заңсыз ауланған 417 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленіп алынған еді

Бекіре Маңғыстау облысы Қоғам полиция

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!