Маңғыстау облысындағы кен орындарының бірінде бұрғылау жұмыстары кезінде өрт шықты, деп хабарлайды
Arbat.media.
Өңірлік ТЖД-нің мәліметінше, 9 маусым күні сағат 09: 00-де Маңғыстау облысы ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасына "Бозашы Мұнай" ЖШС "Қаратұрын Южный" мұнай-газ кен орнындағы өрт туралы ақпарат келіп түскен.
Тілсіз жау 1088 метр тереңдіктегі бұрғылау құралының көтерілуі нәтижесінде пайда болып, №303 ұңғымадағы ашық газ субұрқағында газ-су қоспасының шығарылуы өрттің пайда болуына тікелей әсер еткен.
Дабылды алған кезде өртті сөндіруге жоғары дәрежелі техника мен құралдарды тарту туралы дереу шешім қабылданып, ұңғымадағы өртті сөндіру үшін жеке құрамның 56 өрт сөндіруші, 12 өрт сөндіру техникасы және апаттар медицинасы орталығының бір көлігі жұмылдырылғаны белгілі болды.