Новости Казахстана7 апреля 2023, 12:06

Маңғыстауда ауыл сыртынан медициналық препараттар табылды

Маңғыстауда Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылының маңынан мерзімі өткен медициналық препараттар мен қолданылған шприцтерді табылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Батыр ауылының шет жағындағы Тамшалы көшесіның сырт жағында әрқайсысы 8 мың теңге тұратын урологиялық ауруларға арналған жүзге жуық "Тутукон" препараты мен әртүрлі сұйықтық құтыларын  белгісіз береулер ашық күйінде далаға тастап кеткен. Дәрілерді байқаған ауыл тұрғыны "Тутукон" препаратының ішінде сұйықтық толы екенін атады. Бұдан басқа инфекциялық ауруларға қарсы "Веракол", "Сертоцеф" тәрізді антибиотиктер табылды. 

Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарап, бұрын қолданылғанын шприцтер табылғанын да ауыл тұрғындары айтып отыр. Себебі, инфекциялық ауруларға арналған препарат қалдығы мен оған қолданылған шприцтер өте қауіпті.

Батыр ауылының әкімі тексеріс жүргізгенше қоқысты әлдекімдер түгел өртеп жібергенін айтады. Енді кінәлілер анықталған соң полицияға тапсырылмақ. 

Даладан табылған медициналық қоқыстардың дәріханадан әлде қандайда бір емханадан шыққаны  әлі анықталмады. Ауылдағы барлық дәріхана иелері менмедициналық орталық басшыларын шақырып, алдағы уақытта қайталамау туралы тиісті тапсырма беретін боламыз, - дейді ауыл әкімі Сауыт Айтбаев.

Қазіргі уақытта Батыр ауылында 8 дәріхана бары белгілі болып отыр. Тұрғындар үшін оның алтауы тұрақты жұмыс істеп тұр.  


Маңғыстау облысы Дәрі Батыр ауылы Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!