Новости Казахстана24 мая 2023, 18:55

Маңғыстау облысының әкімі қаңтар оқиғасы кезінде неден қорыққанын атады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қаңтар оқиғасы кезінде қандай қиындыққа душар болғаны туралы айтты, - деп хабарлайд Arbat.media Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Аймақ әкімі қаңтар оқиғасы кезінде жеке өміріне қауіп төнген тұстар болғанын жеткізді. 

Ондай сәттер болды. Көп адам жиналуы - мұның өзі қысым. Психикаға, моральдық қысым. Атқарушы органдарда қанша уақыт жұмыс істедім, тіпті бейбіт жиналыс алдында да, сөйлер алдында да бір жайсыздықты сезінемін. Сөйлесе аламын ба? Мені тыңдай ма? Қандай реакция болады? Иә, әрине, қорқынышты болды. Өмірге тікелей қауіп төнді", - деді Н.Ноғаев сұхбатында. 

Сондай-ақ, ол Ералы Тоғжановпен  әкімдікке бара жатқан кезде жиналған халық айқайлайтын видеоға қатысты пікір білдірді. Тіпті ел арасында өңір басшысын біреу ұруға тырысқан көрінеді.

Ондай сәттер болды. Еске түсіргің де келмейді. Бірақ шындықтан қаша алмаймыз. Болды. Менің ойымша, мұның бәрі сол оқиғалардың әсерінен, эмоциямен болды. Адамдар ашулы болды", - деді әкім. 

 

Нұрлан Ноғаев Қаңтар оқиғасы Әкім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!