Елшінің пікірі оның жеке көзқарасын білдірмейді - Сергей Лавров
Ресей елшісінің қазақстандықтардың қай тілде сөйлеуіне қатысты пікірінен кейін сыртқы істер министрі Сергей Лавров пікір білдірді, деп хабарлайды arbat.media.
"Хабар24" арнасына берген сұхбатында Ресейдің Қазақстандағы елшінің пікірі туралы Сергей Лавров бір түрлі жауап берген. Оның жауабы бойынша бұл министрліктің де, елшінің де жеке көзқарасы емес көрінеді.
Бұл біздің министрліктің ресми көзқарасын білдірмейді. Және елші Бородавкиннің де жеке көзқарасын көрсетпейді", - деді Сергей Лавров.
Осыдан кейін Ресей елшілері түрлі қарама-қайшылықтарға толы пікір айтса, ол Ресейдің я елшінің жеке "көзқарасы" болмайтын сияқты. Себебі "ол пікір елшінің жеке көзқарасын білдірмейді"...
Бұған дейін Алексей Бородавкин "Әрбір қазақстандық екі аяқта нық тұруы тиіс. Оның бірі мемлекеттік тіл – қазақ тілі болса, екіншісі Қазақстан Конституциясында көрсетілгендей ресми тіл – орыс тілі. Бұл екі аяқ тең болған жағдайда ғана алға қадам баса алатынын ескеру керек. Қазақстан үшін Ресей – ең жақын одақтас, интеграциялық әріптес, ұлы держава, – деген болатын. Алайда Қазақстан халқының қай тілде сөйлеуін міндеттегендей етіп айтқан елші бұл сөзі кейін қоғам талқысына түсіп, көпшіліктің наразылығын тудырған еді.
Сондай-ақ, Ресейдің Қазақстандағы елшісі 2018 жылы "Россия 24" телеарнасына берген сұқбатында да Қазақстан билігінің орыс тілінде сөйлейтіні туралы пікір айтқан.