Новости Казахстана10 января 2023, 20:59

Кремльдің "бұлбұлы" жастарды Украинамен арадағы соғысқа жіберуді ұсынды

Владимир Соловьев федералды арнадағы авторлық саяси ток-шоуы кезінде ресейлік әскерге шақырылушылардың өздері соғысқа асығып отырғанын мәлімдеді. Сондықтар оларды Украинаға қарсы соғысуға рұқсат беру керектігін атады, деп хабарлайды Arbat.media

Иә, соғыста үнемі жастар болады... Қазір әскер қатарында жүрген көптеген жастар айтады:  "Бізді соғысқа жіберсе, жарты жыл дайындайды. Біз бара істей аламыз әрі соғысқа дайынбыз дейді. Біздік әкелеріміз сол жақта. Бізді сонда жіберіңдер деп отыр, деді Кремлдің бас пропагандисі.  

Оның бұл сөзіне Дума депутаты Бабаков жауап беріп, көктемгі шақырылмға "өте қатты" дайындалып жатқанын айтты. 

 Айта кетерлік бір жайт, Владимир Соловьевтің төрт ұлы бар. Оның екеуі әскер жасына толғанын, дәл қазір олардың майданға жіберуге де орайы келіп тұр. 

 Соловьевтің үлкен ұлы (34 жаста) режиссурамен айналысалы. Жарнамалық роликтер мен клиптер түсіріп жүр. Лондондағы өнер университетінде және "Централ Сейнт Мартинз Драма Орталығында" білім алған. Тағы бір ұлы (19 жаста) Данилл Мәскеудегі жеке мектептердің бірін аяқтады. Ресейдегі ЖОО-на түскендер арасында оның есімі кездеспейді. Оны көктемгі шақырылыммен әскерге шақыруға немесе мобилизация кезінде әкетсе әбден болады. Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері олардың біреуі де әскери киім киген жоқ. 

 

Владимир Соловьев пропаганда Соғыс Украина

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!