Новости Казахстана13 февраля 2023, 16:59

Көшеге арнайы тізімге енген адамдар есімі ғана беріледі - Алтай Көлгінов

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов елді мекендер мен көшелерге адам есімін беруге қатысты депутат сауалына жауап берді, деп хабарлайды Arbat.media.

2011-2023 жылдар аралығында Қызылорда облысынан Сенат депутаты болып сайланған Мұрат Бақтиярұлы кезінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің атына жолдаған сауал жолдаған еді. Онда еліміздегі көшелерге ат беруде және елді-мекендердің кейбіреулерін қайта атауда белгілі бір тәртіптің жоқтығын айлға тартқан болатын. Осының салдарынан кеңес заманында аудан мен облыстарда басшы болған бірінші хатшылар мен кеңес төрағалары, совхоз, мекеме директорларының аттарына көше сұрау жиі кездесетінін атанған. 

Вице-Премьер Алтай Көлгінов депутат сауалына берген жауабында елді мекен мен көшелерге кісі есімін беру үшін арнайы тізім жасақталған хабарлады. 

Ортақ тарихи сананы қалыптастыру және бірізділікті қамтамасыз ету үшін 2021 жылғы қыркүйекте Республикалық ономастика комиссиясы мемлекет пен қоғамның дамуына зор үлес қосқан қайраткерлер қатарынан "Тарихи тұлғалар" тізімін қалыптастырды. Атауларды өзгерту кезінде ономастика комиссиялары "Тарихи тұлғалар" тізіміне енген есімдерді пайдаланады, - деп жауап берген Алтай Көлгінов.

 

Алтай Көлгінов Үкімет Көше атауы Тізім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!