Новости Казахстана8 сентября 2023, 17:26

Комада 7 күн. Алматылық дәрігерлер жүкті әйелді құтқарды

 

Алматылық дәрігерлер комада жеті күн болған жүкті әйелді аман алып қалды, - деп хабарлайды Arbat.media

Алты айлық жүктілігі бар әйелді №2 перинаталдық орталыққа шұғыл түрде жедел жәрдем бригадасы өте ауыр жағдайда жеткіген. 

Дәрігерлер тексергенде науқасқа ауыр преэклапсия, ишемиялық типтегі ми қан айналымының жедел бұзылуы, мидың ісінуі, бүйректің жедел зақымдануы диагнозы қойған.  
Жансақтау бөлімінің меңгерушісі Бағдат Достарбаевтың айтуынша, преэклапсия - жүктілік кезіндегі ең қауіпті асқынудың бірі, ол сананың жоғалуы мен команың дамуымен, миға қан кетумен, өкпенің ісінуімен, плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуімен және ағзаның басқа да дисфункциясымен бірге жүруі мүмкін.  

Науқастың танысының айтуынша, 6 күн бойы әйелдің қысымы өте жоғары болып 220-ға жетті. Басы қатты ауырған.

Науқасты бірден жансақтау бөліміне апарып, ол бір күннен кейін комаға түсіп, оның өмірі үшін дәрігерлер12 күн күрескен. Тек 8 күннен кейін науқас баяу қалпына келіп, оныншы күні өздігінен дем ала бастаған. Қазір жағдайы қалыпқа келді, ол үйге шығуға дайындалып жатыр. 

"Бастапқыда болжам қолайсыз болды, бірақ командамен науқасты құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бәрі сәтті өтті. Қазір науқас өзін жақсы сезінеді. Жақында үйге шығады. Оның өмірін аман алып қалу, денсаулығын қалпына келтіру - мамандардың: реаниматологтар, акушер-гинекологтардың, сондай-ақ орта және кіші медициналық персоналдың, мультидисциплинарлық команданың күрделі, бірақ үйлесімді жұмысының нәтижесі", - дейді Бағдат Достарбаев.

Алматы Жүкті әйел Кома жансақтау бөлімі

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!