Новости Казахстана21 июня 2023, 15:25

Көліктік бақылау саласындағы ҰҚТ қатысушылары сотталды

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көліктік бақылау саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Arbat.media.

Сот үкімімен Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Қ. Құдайбергенов және оның сыбайласы Б. Шумбасова 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Екеуі де ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, басқарған, диагностикалық карталарды қолдан жасап, техникалық тексеруден өту туралы ақпараттық жүйеге жалған ақпарат енгізді деп айыпталған.  ҰҚТ-тың басқа он үш қатысушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, тағы 4 адамның 2 жылға бостандығы шектелді.

Сондай-ақ, сот үкімімен басқа лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Олдар барлығы  350 мыңға жуық автокөлік құралын заңсыз тіркеген.

 

Астана сот Үкім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!