Новости Казахстана1 сентября 2023, 12:22

Көлік министрлігі қайта құрылады

«Көлік министрлігін қайта құрған жөн, бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады» - деді бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады», -деді Мемлекет басшысы.

Жолдау-2023 Қазақстан президенті көлік министрлігі қайта құру

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!