Новости Казахстана31 января 2023, 16:07

Көлігін жағып жылытып жүрген алматылық жүргізуші ұсталды

Алматыда көлігінінің ішіне от жағып жылытып жүрген тұрғынды полиция ұстады. енді 1955 жылы туған азамат заң алдында жауап берді, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz медиа-порталының Алматы көшелерін от жағып, түтіндетіп жүрген көлікті Л. есімді азамат тізгіндегенін анықтады. Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев заң бұзған жүргізушінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. 

Көлік құралын пайдалану ережелерін бұзған жүргізушіні анықтауға бағытталған тексеру шаралары аясында, Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша материал жинақталды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Нақтырақ айтсақ, бұл жолы автокөлік жүргізушісі салонның ортасына ашық отты пеш жасап, екі жағына газ баллондарын орналастырған. Мұндай көлікті жүргізу, ең алдымен, оның иесіне, жолаушыларға және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретіні анық", — деді Ержан Ұзабаев.

Бұған дейін Алматы көшелерінде көлігіне от жағып, жылытып жүрген адам туралы бейнежазба әлеуметтік желіде кең таралған болатын. Жаз уақытында аталған азамат көлігінің үстіне гүл өсіріп, жұрттың назарын өзіне аударған болатын. 

Алматы Көлік полиция Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!