Көкшетауда қоғамдық көлікте жолақысы қымбаттайды
Көкшетауда 11 шілдеден бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды, деп хабарлайды Arbat.media.
Енді ақшаны көлік картасымен төлейтіндер үшін 100 теңгеге және қолма-қол беретіндер үшін 180 теңгеге дейін жоғарылайды.
Енді қалаішілік қатынаста жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бағасы ересектерге арналған көлік картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде 80 теңгеден 100 теңгеге дейін өспек.
Ал 7-15 жас аралығына дейінгі балалар картамен 40 теңге төлейді. Алайда қолма-қол ақшамен төлеген кезде ересектерге 180 теңге ақша төлеуге тура келеді. Сонымен қатар 7-15 жасқа дейінгі балаларға картасыз жол жүру кезінде 70 теңге төлейді.
Поделиться
Читать Arbat media в