Новости Казахстана12 сентября 2023, 15:23

Көбіктер кешінде тоқ соққан кішкентай қыз қайтыс болды

Қостанай облысы Ұзынкөл кентінде көбіктер кешінде тоқ соққан 9 жасар қыз ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл ақпаратты Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратты.

Қыздың қайтыс болғаны рас. Әзірге толық ақпарат бере алмаймыз, ауруханада мәліметтер жиналып жатыр.

 Ұзынкөл кентінде 25 тамыз күні Жастар күнінде өткізілген көбік кешінде тоғыз жасар қызды тоқ соғып, іс-шарада кезекшілікте болған дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қыз аудандық ауруханаға жатқызылған.

Кейін тоқ соққан қызды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары емдейтіні айтылған болатын. 

 

Қостанай облысы Ұзынкөл көбік кеші оқушы қыз

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!