Новости Казахстана1 июня 2023, 13:55

Кеңес Рақышев әлем чемпионы атанған боксшыларға уәде еткен ақшасын табыстады

Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшыларға Бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев 100 мың АҚШ доллардан берді, деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткен болатын. Аталған рәсімде спортшылар мен бапкерлер Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтың жеке қаржысынан ақшалай сертификаттар табысталды. 

Әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай 100 мың АҚШ долларымен марапатталса, күміс жүлдегер Дулат Бекбауовқа 50 мың АҚШ доллары берілді. Сонымен қатар, Рақышев мырза Дулатқа бағалы тұратын швейцар сағатын сыйлады.

Бұл күні нәзік жанды боксшыларымыз да марапатталды. Нью-Делиде өткен әлем біріншілігінің финалистері Карина Ибрагимова мен Ляззат Күнгейбаева отандық бокс басшысынан 30 мың АҚШ долларын алды. Қола жүлдегерлер: Алуа Балқыбекова, Валентина Хальзова және Фариза Шолтай 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйға ие болды.

Сондай-ақ, ұлттық құраманың жаттықтырушылары мен жеке бапкерлер, дәрігерлер, массаж жасаушылар және тб мамандар 1 мыңнан 15 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды. Ал чемпион атанған боксшылардың аналарына федерация басшысы 2 миллион теңгеден табыстады. 

Еліміздің бірнеше қаласынан арнайы келген чемпиондардың аналарына Кеңес Рақышев гүл мен 2 миллион теңгенің сертификаттарын сыйлады. Бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 25 мың АҚШ долларымен бірге федерация атынан көлік тарту етілді.  

Айта кететін бір жайт, марапаттау рәсімінде жалпы жүлде қоры 600 мың АҚШ долларын құраған. бұдан бөлек жеке сыйлықтар да бар. 

 

 

Кеңес Рақышев бокс Әлем чемпионаты

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!