Келесі жылы ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады
Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек:
ҰБТ тапсырмаларын жетілдіру. 2024 жылғы ҰБТ-да тест сұрақтарының саны өзгереді, сондай-ақ бейіндік пәндерге жаңа тапсырмалар қосылып, тестілеу уақыты қысқарады.ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша, ал «Оқу сауаты» мен «Математикалық сауат» міндетті пәндерінен тапсырма саны 5 сұраққа қысқарады. Бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады. Негізі бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады.
Бұл өзгерістер – тест тапсырмаларының сапасын арттыру мен олардың функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкестігі бағытындағы жұмыстың қисынды жалғасы.
Поделиться
Читать Arbat media в