Каспий теңізі 15 жыл ішінде айтарлықтай тартылып кетті
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ соңғы 15 жыл бойы көп уақыттық спутниктік түсірілім деректері бойынша Каспий теңізінің жағдайына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Arbat.media.
Белгілі болғандай қазіргі уақытта Қазақстан акваториясының солтүстік бөлігінде теңіз түбі ашылып, Каспий деңгейі тартыла түскен.
Жерді қашықтықтан зондтау деректеріне сәйкес, 2007 жылдан бері Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясы айтарлықтай 7,1%-ға қысқарыпты.
Бұдан бөлек, зерттеуші мамандар Қазақстан шекарасындағы 2008-2023 жылдар аралығындағы су аумағының өзгеру динамикасымен жариялады. Қазіргі уақытта қазақстандық бөлікте Атырау қаласына жақын жерде (Жайық өзені) теңіздің тайыздануының кең аумақтары байқалып отыр.
Каспий теңізі 2008 жылы Қазақстан жағалауында 113 866,67 км2, 2023 жылы 105 745,23 км2 құраған. Ал 15 жыл ішінде көп уақыттық спутниктік суреттерді талдау су бетінің ауданы төмендегенін анық байқалды.