"Каспий" клубының бапкері толассыз жеңілістен соң орнын босатты
Маңғыстаулық «Каспий» футбол командасы бас бапкері Кахабер Цхададзе қызметінен кетті, деп хабарлайды Arbat.media
Грузиялық маманның қызметінен кеткені туралы клубтыңбаспасөз қызметі мәлімдеді.
Құрметті жанкүйерлер, екі тараптың келісімі бойынша бас бапкері Кахабер Цхададзе командамыздан кеткенін хабарлаймыз. Алдағы уақытта сәттілік тілейміз және бізбен бірге болғаныңызға рахмет айтамыз», - деп жазылған клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бас бапкер Кахабер Цхададзе ақтаулық клубқа биылғы жылы бас бапкер болып тағайындалған еді. Алайда ол жаттықтырушы болғалы бері клуб ішкі чемпионатта басталғалы бері бес ойынның барлығында есе жіберді. Мәселен, ойыншылар қарсыластар қақпасына 4 гол соқса, 13 рет өз қақпасы доп жіберген. Соның нәтижесін, премьер лига кестесінде "Каспий" соңғы орында тұр.
Клуб басшылығы мұнайлы өлке командасын енді кім жаттықтыратынын әзірге шешпеген сынайлы. Әзірге айтылған болжам бойынша командаға бас бапкер болып Қайрат Нұрдәулет келуі мүмкін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram