Іздеу: Шымкентте алаяқ әйел ауруханадан қашып кеткен
Шымкентте ауруханадан қашып кеткен алаяқ әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
40 жастағы Феруза Корчиеваға Шымкент полициясы іздеу жариялады.
Феруза Корчиева танысының банкте кепілдегі мүлкін шығарып беремін деп, 12 миллион 700 мың теңгесін алып кеткен.
Қолына ақша тиген соң, күдікті із-түзсіз жоғалып кеткен.
«Аталған іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 4- бөлігі бойынша тіркелді. Алайда әйел тергеу мен соттан бой тасалап жүр. Феруза Корчиева соңғы рет денсаулығының нашарлауына байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерден қашып кеткен», - делінген Шымкент қаласының полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Поделиться
Читать Arbat media в