Инга Иманбай Мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде тіркелді
Оппозиционер Инга Иманбай Мәжіліс сайлауына үміткер ретінде Алматыдағы сайлау учаскелерінің біріне тіркелді, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Инга Иманбай әлеуметтік желіде ресми түрде тіркелгенін мәлімдеді.
Жаңа ғана Алматыдағы бір мандатты №3 сайлау округінен мәжіліс депутаттығына үміткер деген құжатымды алдым. Алла бұйыртса, ертең сағат 18-00 сайлау алды үгіт насихат жұмысы басталады. Барлық мәселені сол кезде айтармыз.Әділ, ашық сайлау болса, күреске біз дайынбыз, - деп жазды Инга Иманбай.
Құқыққорғаушы, журналист Инга Иманбай Мәжіліс сайлауына мажоритарлық жүйе бойынша өзін өзі ұсынған. Енді сайлауға байланысты өзіне тиесілі куәлікті алып отыр.
Наурыз айында өтетін сайлаудан кейін Мәжіліс аралай жүйе бойынша қайта жасақталады деп күтіліп отыр. Алдағы сайлаудан соң төменгі палатаның құрамының 70 пайызын партиялық тізім бойынша сайланса, қалған 30 пайызын мажоритарлық жүйе бойынша өтпек.
Поделиться
Читать Arbat media в