Ильхам Әлиев ресми сапармен Астанаға келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды Arbat.media.
Көрші ел басшысының Астанаға ресми сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Осыдан кейін Ильхам Әлиев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын құрамдағы кездесуге өтті.
Бұған дейін Қазақстанға арнайы келген Әзербайжан Республикасының президентін әуежайдан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов күтіп алған болатын.
Астанадағы маңызды келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады деп күтілуде.
Поделиться
Читать Arbat media в