Новости Казахстана1 марта 2023, 21:48

Грекияда жолаушылар пойызының апатқа ұшырауынан 32 адам қаза тапты

Грекияда пойыздардың соқтығысу салдарынан 32 адам қаза тауып, 85 адам зардап шекті, деп хабарлайды  Arbat.media.

 BBC-дің жазуынша, қайғылы жағдай сейсенбі күні кешке Лариса қаласының маңында болған. Жолаушылар пойызы Афиныдан Салоникиге қарай жолға шыққан. Алайда оған қарсы бағытта Салоникиден Ларисаға жүк құрамы жолға шығып, соғылған. Қазіргі уақытта пойыздардың неліктен бір теміржолмен жүргендері анықталып жатыр. 

Пойыздар соқтығысқан кезде 350 адамнан тұратын жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кетіп, олардың бірі өртке оранғаны белгілі болды Оқиға туралы Фессалия аймағының губернаторы Константинос Агорастос апаттың қатты болғанын журналистерге мәлімдеген. 

Ол жолаушылар пойызының алғашқы төрт вагоны рельстен шығып, бас және екінші вагон толығымен жойылғанын атады. Skai телеарнасы медициналық көмекке мұқтаж емес жолаушылар Салоникиге автобустармен эвакуацияланғанын жеткізді. Ал жаралылар жақын маңдағы ауруханаларға жіберіліп, кейбіріне шұғыл операция жасалды.

Пойыз Теміржол Грекия Афины

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!