Новости Казахстана3 февраля 2023, 21:09

Еуроодақ ресейлік оппозиционер Навальныйды босатуды талап етті

Еуропалық Одақтың Сыртқы істер жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Ресей билігін азаптауды тоқтатуға және Алексей Навальныйды дереу босатуға шақырды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға қатысты үкімге екі жыл толғанда ЕО өкілі мәлімдеме жариялады. Үндеуде Ресей билігінің Навальный отырған түрмедегі қорқыту мен азаптауға жауапты екендігі айтылған.

Ресей билігі Навальныйдың қауіпсіздігі мен денсаулығына жауап береді және біз оларды жауап беруге шақырамыз. Навальный сөз бостандығы мен тәуелсіз БАҚ-ты жаншуға батыл қарсы тұруын жалғастыруда, - деп жазылған мәлімдеме мәтінінде.

Баррель Ресей Федерациясын Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция бойынша өз міндеттемелерін орындауға, соның ішінде Навальныйды түрмеден дереу босатуды талап ететін Еуропалық адам құқықтары сотының (ECPC) уақытша шарасын сақтауға шақырып отыр. 

2021 жылдың 2 ақпанында оппозиционерге "Ив Рошер"деп аталатын іс бойынша шартты емес, нақты мерзімге жаза тағайындалды. Кейінірек колонияда ол алаяқтық және "сотты құрметтемеу" ісі бойынша қосымша сотталды.

Навальный кішігірім тәртіп бұзушылықтар үшін айыппұл изоляторына 11 рет жіберілген. Оның ішінде уақытында жуынып үлгермегені үшін де осындай жаза арқалаған. Навальный алты айдың ішінде ШИЗОДА 100 күннен астам уақыт өткізді.

Оның адвокаты Вадим Кобзев изолятордағы денсаулығы нашарлағанын айтып отыр. 

Оппозиционердің сөзінше, олар оған бірнеше рет ауру жұқтыруға тырысқан. Тіпті, "тұмаумен ауыратын науқастармен бітелген" медициналық бөлімге орналастырғанын, оның камерасында тәулігіне 16 сағат жұмыс істейтін және "үш айдан кейін соқыр болатын" үш қуатты күндізгі жарық шамдары орнатылғанын да мәлімдеді.

2021 жылдың қаңтарында оппозиционер YouTube-те "Путинге арналған сарай. Ең үлкен параның тарихы" зерттеуін жариялап, Ресей Президентінің байлығын әшкерелеген болатын. 

Алексей Навальный gernzq210232

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!