Новости Казахстана22 июня 2023, 13:51

Есірткі саудасына қатысы бар қазақтандық Түркиядан экстрадициялады

Түркияның Әділет министрлігі есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған азаматшаны беру туралы Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды, деп хабарлайды Arbat.media.

Істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. 

Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері еліміздің Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалғаны айтылды. 

Енді ол мүлкі тәркіленумен қатар, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

түркия Қазақстан экстрадиция

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!